Тиімді жұмыс - нақты нәтиже кепілі

Официально

18 қазанда Елбасы Нұрсұлтан Назар­баевтың төрағалығымен өткен ҚР Парламент Мәжілісіндегі «Nur Otan» пар­тия­сы фракцияның кеңейтілген отырысында  «Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұрақ­ты­лық. Жасампаздық» атты сай­лауалды бағдарламасы және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының іске асырылуы талқыланып, көпшіліктің көкейінде жүрген мәселелер айтылды.
Партия төрағасы ел игілігіне арналған стратегиялық бағдарламалардың орындалу барысының кемшіл тұстарының бар екендігін атап өтті.
Партияның сайлауалды тұ­ғыр­намасының барлық бағыты ең өзек­ті мәселені шешуді қамтиды. Мысалы: «Нұр­лы жол» бағдарламасын жүзе­ге асыру ұлттық экономиканы да­мы­тудың және оны әлемдік жүйеге енгізудің негізгі болуда. 
Облыстық мәслихатта, "Nur Otan" партиясы фракциясы жанынан 5 комиссия құрылды, олар бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуына бақылауды жүзеге асырады. Депутаттық фракция және саяси кеңес Бюросының отырыстарында "Нұрлы жол" және "Нұрлы жер" бағдарламаларын жергілікті атқарушы органдардың  жүзеге асыру мәселелері бірнеше рет қаралды.
Партия жұмысын «Қайта жаңғырту» аясында барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының жұмысын жандандыру мақсатында  Қазақстанның барлық өңірлерінде маслихаттардағы  "Nur Otan" партиясы  фракциясының  арнайы жиындары өтіп, күн тәртібінде аудан, қала   әкімдерінің "Nur Otan" партиясының сайлау алды бағдарламасы мен 2016-2020 жылдарға арналған аумақтарды дамыту бағдарламасының орындалуы туралы есептері тыңдалды.  
Өткен жылдың және ағымдағы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша өңірдің экономикалық және әлеуметтік саласының даму көрсеткіштерінің оң нәтижелері аталып өтілді.
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатындағы "Nur Otan" партиясы фракциясының жинында облыстық филиалдың төрағасы, облыс әкімі Даниял Ахметов өзінің баяндамасында облыстық мәслихаттың  депудаттарына  қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп, халық  пен  етене жақын жұмыс жасауды. Бастауыш партия ұйымдары мен депутаттық фракцияның қызметін жаңа деңгейге көтеру қажеттілігін атады.
Сонымен қатар жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңеске кіретін депутаттардың жұмысын жандандыру үшін комиссия құрамы жаңартылып, жұмыс жоспарлары қайта қаралды. 
Бүгінгі таңда "Nur Otan" партиясының «Партиялық кадрлық резервті» қалыптастыру бойынша пилоттық жобасы аясында  Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданында жұмыс жүргізілуде. Іріктеудің басты мақсаты ядролық электоратты қалыптастыру болып табылады - бұл біздің азаматтарымыздың проблемаларын анық білетін, халық арасынан шыққан, танымал, ел ішінде беделі жоғары, қоғамдық ой  пікір бар белсенді азаматтардың  тобын қалыптастыру.
"Nur Otan" партиясының облыстық, қалалық, аудандық маслихаттарындағы депутаттық фракциялары, жалпы депутаттар Елбасы айтқан сындардан қорытынды шығаруға жұмыс атқаруды қолға алды. Басты мақсат – барлық қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсарту. 
«Nur Otan» партиясы ШҚОФ 
төрағасының бірінші орынбасары                           Ә.Мұхтарханов