В современном мире электричество играет наиболее важную роль, без него нельзя представить ни одну сферу нашей жизни. Роль электричества в жизни человека огромна, и ее переоценить невозможно. Современная индустрия, промышленное производство, освещение зданий и улиц, отопление, медицинское и сельскохозяйственное оборудование — все функционирует за счет электрической энергии.
В соответствии с поручением Главы государства по вопросам кардинального улучшения условий для предпринимательской деятельности в стране, Министерством энергетики Республики Казахстан проводится работа по улучшению качества и надежности поставок электрической энергии, а также условий подключения к системе электроснабжения.
Приказом Министра энергетики Республики Казахстан от 6 февраля 2020 года № 43 «О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра энергетики Республики Казахстан» внесены некоторые изменения во взаимоотношения между потребителями, энергоснабжающими и энергопередающими организациями.
В соответствии с внесенными изменениями перечень документов необходимых для заключения договора электроснабжения с потребителями был сокращен с 9 до 7 документов, при этом потребителю было необходимо предоставлять документы в энергоснабжающую организацию. После внесенных изменений потребитель для заключения договора электроснабжения предоставляет 7 документов в энергопередающую (энергопроизводящую) организацию.
Вместе с тем, были сокращены сроки выдачи технических условий на подключения вновь вводимых или реконструируемых электроустановок. Энергопередающая или энергопроизводящая организация после получения заявления в произвольной форме от потребителя выдает технические условия на подключение вновь вводимых или реконструируемых электроустановок в течение 5 рабочих дней.
Также была упрощена процедура и сокращены сроки подключения потребителей к электричеству. В соответствии с новой редакцией, строительно-монтажная организация или потребитель направляет в энергопередающую (энергопроизводящую) организацию уведомление (в произвольной форме) о выполнении технических условий и готовности к подаче напряжения на электроустановки и заявление об акцепте договора электроснабжения.
Энергопередающая(энергопроизводящая) организациях: в течение 2 (двух) рабочих дней со дня получения уведомления производит осмотр внешнего подключения и соответствие выполненных работ выданным техническим условиям; в течение 3 (трех) рабочих дней со дня получения уведомления производит подачу напряжения на электроустановки потребителей, пломбирование системы коммерческого учета электрической энергии, а также выдает акт пломбирования системы коммерческого учета электрической энергии; в течение 2 (двух) рабочих дней со дня выдачи акта пломбирования системы коммерческого учета электрической энергии направляет в выбранную потребителем энергоснабжающую организацию документы.
Произошли поправки, в части заключения договора электроснабжения при смене владельца, теперь при смене владельца объекта, новый собственник в течение 10 (десяти) рабочих дней с момента регистрации права собственности направляет в энергопередающую организацию заявление с приложением требуемых документов. Энергопередающая организация в течение 2 (двух) рабочих дней выдает новому собственнику акт разграничения балансовой принадлежности и эксплуатационной ответственности сторон и направляет документы, для заключения договора электроснабжения в энергоснабжающую организацию, выбранную новым собственником. Прежний собственник производит окончательный расчет за потребленную электроэнергию по показаниям приборов учета на день изменения владельца объекта электроснабжения.
Ранее, потребителю необходимо было согласовывать проектные документации на строительство электроустановок. Согласно внесенных изменений, согласование проектной документации на строительство, реконструкцию или модернизацию электроустановок потребителей до начала строительно- монтажных работ с энергопередающей или энергопроизводящей организацией не требуется.
Таким образом, в Республике Казахстан ежегодно осуществляются значимые реформы, улучшающие условия для казахстанского бизнеса по подключению к системе электроснабжения. Принимаемые меры позволяют раскрыть предпринимательский потенциал, сформировать бизнес-климат. Улучшение делового климата обеспечивает рост малого и среднего предпринимательства, что способствует экономическому росту страны, и как результат улучшению благосостояния населения.
В целях упрощения процедуры подключения к системе электроснабжения ГУ «Территориальный Департамент Комитета атомного и энергетического надзора и контроля Министерства Энергетики Республики Казахстан по Восточно-Казахстанской области» регулярно проводится работа по освещению и разъяснению провидимых реформ законодательства Республики Казахстан, направленных на упрощение процедуры, посредством средств массовой информации, а также ведется мониторинг реализации данных реформ в регионе.
Қазіргі әлемде электр қуаты маңызды рөл атқарады, онсыз біздің өміріміздің бірде-бір саласын елестету мүмкін емес. Адам өміріндегі электр қуатының рөлі зор және оны асыра бағалау мүмкін емес. Қазіргі заманғы индустрия, өнеркәсіп өндірісі, ғимараттар мен көшелерді жарықтандыру, жылыту, медициналық және ауыл шаруашылығы жабдықтары — барлығы электр энергиясы есебінен жұмыс істейді.
Мемлекет басшысының елдегі кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі электр энергиясын жеткізу сапасы мен сенімділігін, сондай-ақ электрмен жабдықтау жүйесіне қосу шарттарын жақсарту бойынша жұмыс жүргізілуде.
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 6 ақпандағы № 43 бұйрығымен тұтынушылар, энергиямен жабдықтаушы және энергия беруші ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынастарға кейбір өзгерістер енгізілді.
Енгізілген өзгерістерге сәйкес, тұтынушылармен электрмен жабдықтау шартын жасау үшін қажетті құжаттар тізбесі 9-дан 7-ге дейін қысқарды, бұл ретте тұтынушы энергиямен жабдықтаушы ұйымға құжаттарды ұсыну қажет болды. Енгізілген өзгерістерден кейін тұтынушы электрмен жабдықтау шартын жасау үшін энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға 7 құжатты ұсынады.
Сонымен қатар, жаңадан іске қосылатын немесе қайта жаңартылатын электр қондырғыларын қосуға техникалық шарттарды беру мерзімдері қысқартылды. Энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым тұтынушыдан еркін нысандағы өтінішті алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде жасалған және қол қойылған тұтынушыны электр желілеріне қосу схемасымен электр желілерінің теңгерімдік тиесілігін және тараптардың пайдалану жауапкершілігін ажырату актісі және жаңа енгізілген немесе жаңартылған электр қондырғыларын қосуға техникалық шарттар береді.
Сондай-ақ, тұтынушыларды электр энергиясына қосу рәсімі жеңілдетілді және мерзімдері қысқартылды.Жаңа редакцияға сәйкес, құрылыс-монтаж ұйымы (заңды тұлғалар үшін) немесе тұтынушы (жеке тұлғалар үшін) энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға, техникалық шарттардың орындалуы және электр қондырғыларына кернеу беруге дайындығы туралы хабарламаны (еркін нысанда) және электрмен жабдықтаудың шартын акцептеу туралы өтінішті жібереді.
Энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде сыртқы қосылуды және орындалған жұмыстардың берілген техникалық шарттарға сәйкестігін тексереді; хабарламаны алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде тұтынушылардың электр қондырғыларына кернеу беруді, электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін пломбалауды жүргізеді, сондай-ақ электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін пломбалау актісін береді; электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін
пломбалау актісі берілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде тұтынушы таңдаған энергиямен жабдықтаушы ұйымға құжаттарды жібереді.
Электрмен жабдықтау шартын жасасу бөлігінде түзетулер енгізілді. Енгізілген өзгерістерге сәйкес иесі ауысқан кезде электрмен жабдықтау шартын жасасу тәртібі өзгертілді, енді объектінің иесі ауысқан кезде жаңа меншік иесі меншік құқығы тіркелген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде энергия беруші ұйымға, электрмен жабдықтау шартын акцептеу туралы өтініш жібереді.
Энергия беруші ұйым 2 (екі) жұмыс күні ішінде жаңа меншік иесіне тараптардың теңгерімдік тиесілігін және пайдалану жауапкершілігін шектеу актісін береді және жаңа меншік иесі таңдаған энергиямен жабдықтаушы ұйымға электрмен жабдықтау шартын жасасу үшін осы тармақта көрсетілген құжаттарды жібереді. Бұрынғы меншік иесі тұтынылған электр энергиясы үшін есептеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша электрмен жабдықтау объектісінің иесі өзгерген күні түпкілікті есеп айырысуды жүргізеді.
Бұрын, тұтынушыға электр қондырғыларын салуға арналған жобалық құжаттаманы келісу қажет болды. Енгізілген өзгерістерге сәйкес, энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйыммен құрылыс - монтаждау жұмыстары басталғанға дейін тұтынушылардың электр қондырғыларын салуға, қайта жаңартуға немесе жаңғыртуға жобалық құжаттаманы келісу талап етілмейді.
Осылайша, Қазақстан Республикасында жыл сайын электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу бойынша қазақстандық бизнес үшін жағдайды жақсартатын маңызды реформалар жүзеге асырылуда. Қабылданған шаралар кәсіпкерлік әлеуетті ашуға, бизнес-климатты қалыптастыруға мүмкіндік береді. Іскерлік ахуалды жақсарту шағын және орта кәсіпкерліктің өсуін қамтамасыз етеді, бұл елдің экономикалық өсуіне және халықтың әл-ауқатын жақсартуға ықпал етеді.
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау Комитетінің Шығыс-Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу рәсімін оңайлату мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы рәсімдерді жеңілдетуге бағытталған Қазақстан Республикасы заңнамасының орын алып отырған реформаларын жариялау және түсіндіру бойынша жұмыстар, сондай-ақ осы реформалардың аймақта іске асырылуына мониторинг тұрақты түрде жүргізілуде.