«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ хабарлайды: «Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 6 ақпандағы № 43 бұйрығымен келесі нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді: Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 бұйрығымен бекітілген «Электр энергиясын пайдалану қағидалары» және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 111 бұйрығымен бекітілген «Электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету қағидалары», Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 23 қазандағы № 356 бұйрығымен бекітілген «Электрмен жабдықтаудың үлгілік шарттары».
Бұйрық келесі өзгерістер мен толықтыруларды көздейді:
· тұтынушының электрмен жабдықтау шартына физикалық қол қою қажеттілігін болдырмау;
· тұтынушыға (жеке және заңды тұлғалар) «бір терезеге» электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу үшін құжаттарды тапсыру мүмкіндігі»;
· электрмен жабдықтау жүйесіне қосу үшін құжаттар санын қысқарту;
· энергиямен жабдықтаушы ұйымды ауыстыру үшін тұтынушы жағдайын жақсарту;
· техникалық шарттарды алу үшін мерзімдер мен құжаттарды қысқарту;
· тұтынушының энергия беруші ұйыммен жобалық құжаттамасын келісу бойынша норманы алып тастау;
· тұтынушы мен энергиямен жабдықтаушы ұйымдар арасында төлем құжаттарын беру-алу қағаз құжат айналымын қысқарту;
· тұтынушы тарапынан тұтыну шарттары бұзылған кезде қайта есептеу шарттарын жақсарту (қайта есептеу өшірусіз жүргізіледі).
Аталған өзгерістер 2020 жылдың 23 ақпанында заңды күшіне енді.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті