Құрметті Өскемен қаласының тұрғындары!
Егер Сіз COVID-19 – бен ауырып қалсаңыз, Өскемен қ. Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы Сізге тезірек сауығып кетуіңізді және аурудан кейін қалпыңызға келуіңізді тілейді!
Біз сізге жүгінеміз, өйткені сіз короновирусқа қарсы күресте дәрігерлердің таптырмас көмекшісі бола аласыз. Қазір сіздің плазмаңызда COVID-19 вирусына қарсы жұмыс жасайтын антиденелер бар. Сондықтан осы кезеңдегі сіздің плазмаңыз иммундық плазма деп аталады.
Егер короновирустық жұқпасы бар ауыр науқасқа иммундық плазманы құйса, ол донорлық антиденелерді ала отырып, өзінің иммундық жүйесін толық белсендіріп, антиденелерін шығарғанға дейінгі уақытты ұтымды пайдалана алады.
Қан орталығында өз плазмаңызды тапсырғаннан кейін сіз кем дегенде екі ауыр науқасқа бірден көмектесесіз. Сіздің денсаулығыңызға зиян келтірілмейді, плазманы беру қарапайым және қауіпсіз процесс.
Егер сіз иммундық плазма доноры болғыңыз келсе – қан орталығына келіңіз.
Бұған дейін сіз емделіп шыққаннан
кейін 2 немесе 3 апта ішінде үйде қалпыңызға келуіңіз қажет.
Тапсырылған плазма үшін ақшалай сыйақы 7 АЕК (19446 теңге) құрайды
Сіздің плазмаңыз – бұл құтқарылған өмір!
Донор болуға және мұқтаж науқастарға көмектесуге ниетіңізді білдірсеңіз, Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығына 8(7232) 70-38-38; 87057520964 нөмірлері бойынша телефон арқылы хабарласуыңыз қажет