ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН БІЛУ ҒАНА ЕМЕС, САҚТАУ ДА МАҢЫЗДЫ!

Официально

Біз адамдарға өмір сүруге мүмкіндік беретін технологияларға толы әлемде өмір сүреміз. Алайда, адам өз өмірін қауіпті жайттардан, аппатардан және қираулардан қорғайтын жағдайлар болады.

Әрқайсымыз күтпеген жағдайға тап боумыз мүмкін, қауіпті жағдайға түскен адамға кім көмектеседі? Ең алдымен – өзі! Осыны түсіну – тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі негіздерін танудағы бірінші, әрі ең маңызды қадам.

Республикадағы жүргізілген жұмыстар талдауының нәтижесі жазатайым жағдайлардың себебі болып қарапайым қауіпсіздік талаптарын, нормативті құқықтық актілерді бұзу, балалардың білмекке құмарлығы және зардап шегуші тарабынан да, лауазымды тұлғалалар тарабынан да энергетикалық қондырғылардың жанында өзін ұстау тәртіптерін білмеу екендігін көрсетеді.

Аса қауіпті тұрмыстық электр аспаптары, жол бойындағы оқшауланбаған сымдар, ойын аландарының жанында орналасқан, тұрғын алабтарының аулаларындағы трансформаторлық қосалқы станциялар туғызады. Соңғы уақытта қарапайы қауіпсіздік техникалары ережелерін білмеу себебінен электр тоғымен зақымданудан өліммен аяқталған салдарға дейін жеткен балалармен болған жазатайым оқиғалар орын алды.

Электр энергетикасы саласындағы нормативті құқықтық актілердің талаптарына сәйкес, мысалы, трансформаторлық қосалқы станциялардың есіктері құлыпқа жабылуы керек, есігінде ескеру плакаттары ілулі болу қажет және басқалары.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шығыс-Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті жазатайым оқиғаларды болдырмау және алдын алу мақсатында, азаматтардан қосалқы станциялар мен әуе желілерінің жанындағы қауіпсіздік белгілеріне назар аударуды, электр қондырғыларының қоршаулары мен тосқауылдарынан ары қарай өтпеуді, кернеуде тұрған қоршалмаған тоқ өткізгіш бөліктерге жақындамауды, сонымен қатар ата-аналардан қауіпсіздік техникасын сақтау тақырыбына балалармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді сұрайды.

Біз – ересек адамдар қауіпсіздік негіздерін тануда балаларға басты көмекші болуымыз қажет. Балаларды қауіпті жағдайлардан аулақ болуға және алдын алуға, орын алған жағдайда оларға дайын болуға үйретуге міндетті. Соынмен қатар, ең басты ережені есте сақтау қажет: ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН БІЛУ ҒАНА ЕМЕС, САҚТАУ ДА МАҢЫЗДЫ!

 

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті