Науқастардың ішінде 15 адам Семей қаласынан, 16 адам Өскемен қаласынан, 10 адам Аягоз ауданынан, 4 адам Үржар ауданынан, 3 адам Глубокое ауданынан, Бородулиха, Катонқарағай аудандарында 2 адамнан.
⠀
Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша зертханалық талдаулар 10 науқастан бұрынырақ КВИ ауруын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған тұлға ретінде алынса, өз өтінішімен ЖРВИ белгілерімен түскен 31 науқастан мониторинг жүргізу кезінде, 11 адамнан профилактикалық мақсатпен тексеру кезінде алынды.
⠀
Қауіпті вирусты жұқтырған науқастардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды.
⠀
Байланыста болған адамдарға эпидемиологиялық және медициналық тексеру жүргізу үшін ТКҚСҚБ аумақтық басқармасының мамандары мен медицина қызметкерлерінен құралған мобильді топ ұйымдастырылып, ошақтарға қорытынды дезинфекция жүргізілуде.
⠀
Эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.
⠀
Осы уақыттағы жағдай бойынша облыста коронавирусты жұқтырған 845 адам тіркелді. Сауығып шыққандар саны – 233.