Электр желілеріне қосылуға берілген техникалық шарттардың мерзімі мен тәртібін бұзу үшін жауапкершілік

Официально

Соңғы жылдары біздің мемлекеттің қалалары мен облыстары белсенді жетілуде, жылдам қарқында жаңа шағын аудандардың, үйлердің, сауықтыру орталықтарының және басқа да кәсіпкерлік нысандарының құрылысы жүргізілуде. Жоғарыда көрсетілген барлық нысандарды пайдалануға енгізбестен бұрын, олардың коммуникация желілеріне қосылуын қамтамасыз ету қажет, олардың ішіндегі маңыздыларының бірі электр энергиясына қосылу.

Жаңа енгізілген нысандарды қосу үшін ең бірінші кезекте энергия беруші ұйымнан электр желілеріне қосылу үшін техникалық шарттарды алу қажет. Дәл осы сатыда көптеген тұтынушыларда сұрақтар мен қиыншылықтар пайда болады, себебі біреулері техникалық шарттардың талаптарымен келіспесе, басқаларына талаптарды орындау қаржылық түрде мүмкін емес болып табылады.

Осыған байланысты, «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ келесіні түсіндіреді:

Электр желілеріне қосылу үшін техникалық шарттарды беру тәртібі Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 бұйрығымен бекітілген Электр энергиясын пайдалану қағидаларымен белгіленеді.

Сонымен, бұл Қағидаларға сәйкес, тұтынушыға электр желілеріне қосылу үшін техникалық шарттар электрмен жабдықтауға қосылуға еркін нысандағы өтініш және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электр желілеріне қосудың техникалық шарттарын беруге арналған өтінішке сауалнама парағы (бұдан әрі – сауалнама парағы) негізінде беріледі.

Энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым тұтынушыдан еркін нысандағы өтінішті алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде жасалған және қол қойылған тұтынушыны электр желілеріне қосу схемасымен электр желілерінің теңгерімдік тиесілігін және тараптардың пайдалану жауапкершілігін ажырату актісі және жаңа енгізілген немесе жаңартылған электр қондырғыларын қосуға техникалық шарттар береді.

Салынып жатқан объектілерді электрмен жабдықтау үшін тұтынушыға құрылыс кезінде уақытша техникалық шарттар беріледі.

 Техникалық шарттарды беру энергия беруші ұйымның электрлік желілеріне немесе энергия өндіруші ұйымның электр қондырғыларына қосылуға техникалық мүмкіндігі болған жағдайда жүзеге асырылады.

 Желілер немесе қосылудың техникалық мүмкіндігі болмаған жағдайда, техникалық шарттар жобаланатын желілердің иесімен техникалық шарттар келісілгеннен кейін жобаланатын желілерден беріледі.

Техникалық шарттарды беру және қайта ресімдеу үшін төлем алынбайды.

Тұтынушы техникалық шарттарда көрсетілген талаптармен келіспеген жағдайда, энергетикалық сараптама жүргізу үшін сараптама ұйымына жүгінеді. Сараптама ұйымы тұтынушының өтініші бойынша энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға жүгінген кезде, энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым барлық сұратылған мәліметтерді ұсынады.

      Тұтынушы энергетикалық сараптаманың техникалық шарттарда көрсетілген талаптарының дәйексіздігі туралы қорытындысы негізінде техникалық шарттар алу үшін энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға еркін нысанда өтінішті қайта береді.

      Техникалық шарттарда көрсетілген талаптарды өзгертуден қайта бас тартқан жағдайда, тұтынушы Қазақстан Республикасының белгіленген азаматтық заңнамасымен электр беруші (электр өндіруші) ұйымның әрекетіне шағым береді.

Сонымен қатар, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 301-1 бабына сәйкес, электр желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру тәртібі мен мерзімдеріне қойылатын талаптарды бұзу үшін және электр желілеріне қосуға арналған құжаттарды қабылдаудан және (немесе) техникалық шарттарды беруден бас тарту үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Осыған байланысты, ЭБҰ тарапынан электр желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру тәртібі мен мерзімдеріне қойылатын талаптар бұзылған жағдайда тұтынушы жоғарыда көрсетілген тәртіпке өз құқығынын қалпына келтіруге мүмкіншілі бар.

 

 

 

 

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ