«Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушылардың назарына!

Официально

2021-2022 жж. күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын қарау және беру Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 55 бұйрығымен бекітілген энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларына сәйкес жүргізіледі.                                                              Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардан (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті алушы) Әзірлік паспортын алуға құжаттарды қабылдау www.egov.kz  «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (бұдан әрі – Портал) жыл сайын 15 (он бесінші) тамыздан бастап 30 (отызыншы) қыркүйекті қоса алғанда жүзеге асырылады.                                   Әзірлік паспортын беру өтініш берілген сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.                                                                   -Жыл сайын 1 тамыздан бастап күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа әзірлік актісін дайындау үшін ұйымдар көрсетілетін қызметті алушының комиссиясын құрады және жұмыс істей бастайды, оның құрамына жауапты лауазымды адамдар, Жергілікті атқарушы органның және мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау жөніндегі мемлекеттік органның өкілдері кіреді.

Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алуға көрсетілетін қызметті алушылардың өтініштерін қарау және олар бойынша шешім қабылдау үшін Жергілікті атқарушы орган, мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік орган немесе оның аумақтық бөлімшесі энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алуға өтініштерді қарау жөніндегі комиссияны құрады (бұдан әрі-комиссия), көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұйрығымен жыл сайын көрсетілетін қызметті берушінің комиссия құрамы және көрсетілетін қызметті берушінің комиссия туралы ережесі бекітіледі.       Комиссия жыл сайын 15 (он бесінші) тамыздан 19 (он тоғызыншы) қазанға дейін құрылады және жұмыс істей бастайды.

Көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының жұмысына ашықтықты және әділдікті қамтамасыз ету үшін Көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының отырысына дауыс беру құқығы жоқ бақылаушылар шақырылады. Бақылаушылар ретінде қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдар), коммерциялық ұйымдардың, саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және мемлекеттік бақылау жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері комиссияның отырысына қатыса алады.

            Құжаттар топтамасын, қорытындысын және тыңдау нәтижелерін қарау қорытындылары бойынша көрсетілетін қызметті беруші комиссиясы мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) Әзірлік паспорты берілсін;

      2) Әзірлік паспорты ескертулермен берілсін;

      3) Әзірлік паспортын беруден бас тартылсын.

Әзірлік паспортын алу үшін шарттарды орындағанын растайтын ұсынылған құжаттар мазмұнының сәйкестігі Көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының Әзірлік паспортын беру туралы шешімін қабылдау үшін негіз болып табылады.                                                                                     Көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының Әзірлік паспортын беру туралы шешімі немесе Әзірлік паспортын ескертулермен беру туралы шешімі кезінде хаттамаға қол қойылғаннан кейін Көрсетілетін қызметті алушыға Әзірлік паспорты электрондық түрінде беріледі.                          Әзірлік паспорты алдағы күзгі-қысқы кезеңде қолданылады. Әзірлік паспортын алу үшін шарттарға ұсынылған құжаттардың сәйкестігі Көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының Әзірлік паспортын ескертулермен беру туралы шешімін қабылдау үшін негіз болып табылады, бұл ретте кейбір құжаттар мазмұны бойынша қосымша түсіндірмелер, материалдар және негіздемелер ұсынылуы қажет.                       Ескертулер оларды келесі жылдың 1 (бірінші) қаңтарына дейінгі мерзімде жою үшін белгіленіп беріледі.                                                                    Берілген ескертулерді орындау туралы ақпаратты Көрсетілетін қызметті алушы Көрсетілетін қызметті берушіге ескертулерді орындау мерзімі өткен күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады. Көрсетілетін қызметті берушінің комиссиясы Әзірлік паспортты беруден бас тарту шешімін қабылдау үшін мыналар негіздеме болып табылады:                                                                           1) Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;                                                            2) Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.                                                                  Көрсетілетін қызметті берушінің комиссиясы Әзірлік паспортын беруден бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда, Көрсетілетін қызметті берушінің комиссия отырысы хаттамасына қол қойылғаннан кейін Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне бас тарту туралы дәлелді жауап жіберіледі.                                                                 Жоғарыда айтылғандардың негізінде құжаттарды дайындау және өтініш беру кезінде осы қағидаларды қатаң басшылыққа алуды сұраймыз. Аталған мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу мерзімін бұзуы Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 301-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ