Электр энергиясын адам өмірінде қолданудың өзектілігі

Официально

Қазіргі әлемде энергетика қоғамдық өндірістің ілгерілеуін айқындайтын өнеркәсіптің базалық салаларын дамытудың негізі болып табылады. Электр энергетикасы-адам өмірінің маңызды бөлігі. Оның даму деңгейі қоғамның өндіргіш күштерінің даму деңгейін және ғылыми-техникалық прогрестің мүмкіндіктерін көрсетеді. Электр энергиясы адам қызметінің барлық салаларына кірді: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, ғылым және ғарыш, біздің өміріміз.

Электрмен жабдықтау желілеріне қосылу-барлық уақытта өзекті мәселе. Электрмен жабдықтауды қалай ұйымдастыруға болады? Барлық қажетті құжаттар мен келісім-шарт қалай ресімдеу? Осы және басқа да сұрақтарға «ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің ШҚО бойынша аумақтық департаменті» ММ бас маманы Малика Мураткызы Маукенова сұхбат барысында жауап береді.

- Қайырлы күн, Малика Мураткызы, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне электрмен жабдықтау желілеріне қосу рәсімі бойынша қандай өзгерістер мен толықтырулар енгізілді?

- Энергия өндіруші, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен электр энергиясының тұтынушылары арасындағы көтерме және бөлшек сауда нарығында туындайтын қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен, Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасымен және Электр энергиясын пайдалану қағидалырымен реттеледі.

«Doing Business» халықаралық рейтингіндегі Қазақстанның позициясын жақсарту үшін және елдегі кәсіпкерлік қызметті түбегейлі жақсарту бойынша, мемлекеттік саясат шеңберінде, жыл сайын электрмен жабдықтау желілеріне қосылу рәсімдердің санын қысқартуға мүмкіндік беретін заңнамалық түзетулер енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Электр энергиясын пайдалану қағидалырына өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

Енгізілген өзгерістерге сәйкес, тұтынушылармен электрмен жабдықтау шартын жасау үшін қажетті құжаттар тізбесі 9-дан 7-ге дейін қысқарды, бұл ретте тұтынушы энергиямен жабдықтаушы ұйымға құжаттарды ұсыну қажет болды. Енгізілген өзгерістерден кейін тұтынушы электрмен жабдықтау шартын жасау үшін энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға 7 құжатты ұсынады.

Сонымен қатар, жаңадан іске қосылатын немесе қайта жаңартылатын электр қондырғыларын қосуға техникалық шарттарды беру мерзімдері қысқартылды. Энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым тұтынушыдан еркін нысандағы өтінішті алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде жасалған және қол қойылған тұтынушыны электр желілеріне қосу

схемасымен электр желілерінің теңгерімдік тиесілігін және тараптардың пайдалану жауапкершілігін ажырату актісі және жаңа енгізілген немесе жаңартылған электр қондырғыларын қосуға техникалық шарттар береді.

- Тұтынушыларды электр энергиясына қосу тәртібі мен мерзімдері өзгерді ме?

-Енгізілген өзгерістерге сәйкес тұтынушылардың электр қондырғыларына кернеу беру тәртібі мен мерзімдері де өзгертілді.

Жаңа редакцияға сәйкес, құрылыс-монтаж ұйымы (заңды тұлғалар үшін) немесе тұтынушы (жеке тұлғалар үшін) энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға, техникалық шарттардың орындалуы және электр қондырғыларына кернеу беруге дайындығы туралы хабарламаны (еркін нысанда) және электрмен жабдықтаудың шартын акцептеу туралы өтінішті жібереді.

Энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде сыртқы қосылуды және орындалған жұмыстардың берілген техникалық шарттарға сәйкестігін тексереді; хабарламаны алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде тұтынушылардың электр қондырғыларына кернеу беруді, электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін пломбалауды жүргізеді, сондай-ақ электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін пломбалау актісін береді; электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін пломбалау актісі берілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде тұтынушы таңдаған энергиямен жабдықтаушы ұйымға құжаттарды жібереді.

-Егер энергия беруші ұйым тексеру барысында өтініш берушінің техникалық шарттар талаптарын орындамағанын анықтаса, не болады?

-Сыртқы қосылудың кемшіліктері және орындалған жұмыстардың берілген техникалық шарттарға сәйкессіздігі анықталған жағдайда энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым сыртқы қосылысты қараған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде анықталған кемшіліктер туралы акт береді. Анықталған кемшіліктер туралы актіде көрсетілген кемшіліктерді жойғаннан кейін құрылыс-монтаж ұйымы (мердігер) немесе тұтынушы энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға техникалық шарттардың орындалуы және электр қондырғыларына кернеу беруге дайындығы туралы қайта (еркін нысанда) хабарлама жібереді.

Энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым қайта өтініш алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде сыртқы қосылуды қарауды жүргізеді, тұтынушының электр қондырғыларын қосуды жүргізеді және қайта тексерілгеннен кейін ескертулер жойылмаған жағдайда, келесі тексеру 1 (бір) ай өткеннен кейін жүргізілетінін жазбаша түрде хабардар етеді.

Қайта тексергеннен кейін кемшіліктер жойылмаған жағдайда энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым сыртқы қосылуды қарап тексеруді жүргізбейді және техникалық шарттардың орындалуы және соңғы тексеру

күнінен бастап 1 (бір) ай ішінде электр қондырғыларына кернеу беруге дайындығы туралы хабарламаны (еркін нысанда) қабылдамайды.

-Объектінің меншік иесі ауысқан кезде жаңа техникалық шарттарды алу қажет пе?

Иесі өзгергенде, меншік иесі ауысқан жағдайда, бұрын берілген техникалық шарттар қайта ресімделмейді.

Енгізілген өзгерістерге сәйкес иесі ауысқан кезде электрмен жабдықтау шартын жасасу тәртібі өзгертілді, енді объектінің иесі ауысқан кезде жаңа меншік иесі меншік құқығы тіркелген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде энергия беруші ұйымға, электрмен жабдықтау шартын акцептеу туралы өтініш жібереді.

Энергия беруші ұйым 2 (екі) жұмыс күні ішінде жаңа меншік иесіне тараптардың теңгерімдік тиесілігін және пайдалану жауапкершілігін шектеу актісін береді және жаңа меншік иесі таңдаған энергиямен жабдықтаушы ұйымға электрмен жабдықтау шартын жасасу үшін осы тармақта көрсетілген құжаттарды жібереді. Бұрынғы меншік иесі тұтынылған электр энергиясы үшін есептеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша электрмен жабдықтау объектісінің иесі өзгерген күні түпкілікті есеп айырысуды жүргізеді.

-Бұрын, тұтынушыға электр қондырғыларын салуға арналған жобалық құжаттаманы келісу қажет болды, осы бөлікке қандай да бір өзгерістер енгізілді?

-Енгізілген өзгерістерге сәйкес, энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйыммен құрылыс - монтаждау жұмыстары басталғанға дейін тұтынушылардың электр қондырғыларын салуға, қайта жаңартуға немесе жаңғыртуға жобалық құжаттаманы келісу талап етілмейді.

-Электрмен жабдықтау желілеріне қосылу рәсімдері бұзылған жағдайда қала және облыс тұрғындарына қайда жүгінуге болады?

-Энергия кәсіпорындары электрмен жабдықтау желілеріне қосу тәртібін бұзған жағдайда, тұтынушылар олардың іс-әрекеттеріне Департаментке шағымдана алады, орналасқан мекенжайы: Өскемен қаласы, Қ. Сәтпаев даңғылы, 64, каб. 308, т. 8 (7232) 21-43-16.