«Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушылардың назарына!

Официально

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 55 бұйрығымен бекітілген, Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларына сәйкес, Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардан (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) әзірлік паспортын алуға құжаттарды қабылдау жергілікті атқару органдар, мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі орган немесе оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), www.egov.kz, www.elіcense.kz е-лицензиялау "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал) жыл сайын 15 тамыздан бастап 30 қыркүйекті қоса алғанда, жүйелік оператор үшін 25 қазанды қоса алғанда жүзеге асырылады. 30 қыркүйектен кейін келіп түскен құжаттар құжаттардың толық топтамасымен бірге өтініш берушіге қаралмастан қайтарылады. Әзірлік паспортын беру өтініш берілген мерзімінен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде жүзеге асырылады. Жыл сайын 1 тамыздан бастап күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік актісін дайындау үшін ұйымдар ұйымның комиссиясын құрады және жұмыс істей бастайды, оның құрамына ұйымның басшылары мен басқа да жауапты лауазымды қызметкерлері, жергілікті атқарушы органның және мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау жөніндегі мемлекеттік органның өкілдері кіреді. Әзірлік паспортын алуға ұйымдардың өтініштерін қарау және олар бойынша шешім қабылдау үшін жергілікті атқарушы орган, мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік орган немесе оның аумақтық бөлімшесі энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алуға өтініштерді қарау жөніндегі комиссияны (бұдан әрі – комиссия) құрады. Комиссия 15 тамыздан бастап құрылады және 13 қарашаны қоса алғанда жұмыс істейді. Қарау қорытындылары бойынша көрсетілетін қызметті беруші комиссиясы мынадай негізделген шешімдердің бірін қабылдайды: 1) әзірлік паспорты берілсін;

2) әзірлік паспорты ескертулермен берілсін;

3) әзірлік паспорты берілмесін.

Әзірлік паспортын алу үшін шарттарды орындағанын растайтын ұсынылған құжаттар мазмұнының сәйкестігі көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының әзірлік паспортын беру туралы шешімін қабылдау үшін негіз болып табылады. Көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының әзірлік паспортын беру туралы шешімі немесе әзірлік паспортын ескертулермен беру туралы шешімі кезінде хаттамаға қол қойылғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға әзірлік паспорты электрондық/қағаз түрінде беріледі. Яғни, ұйым дайындық паспортын elicense.kz. веб-сайттан өз бетінше жүктей алады. Әзірлік паспортын алу үшін шарттарға ұсынылған құжаттардың сәйкестігі көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының әзірлік паспортын

ескертулермен беру туралы шешімін қабылдау үшін негіз болып табылады, бұл ретте кейбір құжаттар мазмұны бойынша қосымша түсіндірмелер, материалдар және негіздемелер ұсынылуы қажет. Ескертулер оларды келесі жылдың 1 қаңтарына дейінгі мерзімде жою үшін белгіленіп беріледі. Берілген ескертулерді орындау туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге ескертулерді орындау мерзімі өткен күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады. Көрсетілетін қызметті берушінің комиссиясы әзірлік паспортты беруден бас тарту шешімін қабылдау үшін мыналар негіздеме болып табылады:

1) ұйымдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

2) ұйымдардың және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде құжаттарды дайындау және өтініш беру кезінде осы қағидаларды қатаң басшылыққа алуды сұраймыз. Аталған мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу мерзімін бұзуы Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 301-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

 

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ