Қазіргі әлемде электр қуаты маңызды рөл атқарады, онсыз біздің өміріміздің бірде-бір саласын елестету мүмкін емес. Адам өміріндегі электр қуатының рөлі зор және оны асыра бағалау мүмкін емес.

Официально

Қазіргі заманғы индустрия, өнеркәсіп өндірісі, ғимараттар мен көшелерді жарықтандыру, жылыту, медициналық және ауыл шаруашылығы жабдықтары — барлығы электр энергиясы есебінен жұмыс істейді.

Мемлекет басшысының елдегі кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі электр энергиясын жеткізу сапасы мен сенімділігін, сондай-ақ электрмен жабдықтау жүйесіне қосу шарттарын жақсарту бойынша жұмыс жүргізілуде.

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 6 ақпандағы № 43 бұйрығымен тұтынушылар, энергиямен жабдықтаушы және энергия беруші ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынастарға кейбір өзгерістер енгізілді.

Енгізілген өзгерістерге сәйкес, тұтынушылармен электрмен жабдықтау шартын жасау үшін қажетті құжаттар тізбесі 9-дан 7-ге дейін қысқарды, бұл ретте тұтынушы энергиямен жабдықтаушы ұйымға құжаттарды ұсыну қажет болды. Енгізілген өзгерістерден кейін тұтынушы электрмен жабдықтау шартын жасау үшін энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға 7 құжатты ұсынады.

Сонымен қатар, жаңадан іске қосылатын немесе қайта жаңартылатын электр қондырғыларын қосуға техникалық шарттарды беру мерзімдері қысқартылды. Энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым тұтынушыдан еркін нысандағы өтінішті алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде жасалған және қол қойылған тұтынушыны электр желілеріне қосу схемасымен электр желілерінің теңгерімдік тиесілігін және тараптардың пайдалану жауапкершілігін ажырату актісі және жаңа енгізілген немесе жаңартылған электр қондырғыларын қосуға техникалық шарттар береді.

Сондай-ақ, тұтынушыларды электр энергиясына қосу рәсімі жеңілдетілді және мерзімдері қысқартылды.Жаңа редакцияға сәйкес, құрылыс-монтаж ұйымы (заңды тұлғалар үшін) немесе тұтынушы (жеке тұлғалар үшін) энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға, техникалық шарттардың орындалуы және электр қондырғыларына кернеу беруге дайындығы туралы хабарламаны (еркін нысанда) және электрмен жабдықтаудың шартын акцептеу туралы өтінішті жібереді.

Энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде сыртқы қосылуды және орындалған жұмыстардың берілген техникалық шарттарға сәйкестігін тексереді; хабарламаны алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде тұтынушылардың электр қондырғыларына кернеу беруді, электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін пломбалауды жүргізеді, сондай-ақ электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін пломбалау актісін береді; электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін пломбалау актісі берілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде тұтынушы таңдаған энергиямен жабдықтаушы ұйымға құжаттарды жібереді.

Электрмен жабдықтау шартын жасасу бөлігінде түзетулер енгізілді. Енгізілген өзгерістерге сәйкес иесі ауысқан кезде электрмен жабдықтау шартын жасасу тәртібі

өзгертілді, енді объектінің иесі ауысқан кезде жаңа меншік иесі меншік құқығы тіркелген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде энергия беруші ұйымға, электрмен жабдықтау шартын акцептеу туралы өтініш жібереді.

Энергия беруші ұйым 2 (екі) жұмыс күні ішінде жаңа меншік иесіне тараптардың теңгерімдік тиесілігін және пайдалану жауапкершілігін шектеу актісін береді және жаңа меншік иесі таңдаған энергиямен жабдықтаушы ұйымға электрмен жабдықтау шартын жасасу үшін осы тармақта көрсетілген құжаттарды жібереді. Бұрынғы меншік иесі тұтынылған электр энергиясы үшін есептеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша электрмен жабдықтау объектісінің иесі өзгерген күні түпкілікті есеп айырысуды жүргізеді.

Бұрын, тұтынушыға электр қондырғыларын салуға арналған жобалық құжаттаманы келісу қажет болды. Енгізілген өзгерістерге сәйкес, энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйыммен құрылыс - монтаждау жұмыстары басталғанға дейін тұтынушылардың электр қондырғыларын салуға, қайта жаңартуға немесе жаңғыртуға жобалық құжаттаманы келісу талап етілмейді.

Осылайша, Қазақстан Республикасында жыл сайын электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу бойынша қазақстандық бизнес үшін жағдайды жақсартатын маңызды реформалар жүзеге асырылуда. Қабылданған шаралар кәсіпкерлік әлеуетті ашуға, бизнес-климатты қалыптастыруға мүмкіндік береді. Іскерлік ахуалды жақсарту шағын және орта кәсіпкерліктің өсуін қамтамасыз етеді, бұл елдің экономикалық өсуіне және халықтың әл-ауқатын жақсартуға ықпал етеді.

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау Комитетінің Шығыс-Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу рәсімін оңайлату мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы рәсімдерді жеңілдетуге бағытталған Қазақстан Республикасы заңнамасының орын алып отырған реформаларын жариялау және түсіндіру бойынша жұмыстар, сондай-ақ осы реформалардың аймақта іске асырылуына мониторинг тұрақты түрде жүргізілуде.