Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті (бұдан әрі – Депаратмент) үздіксіз энергиямен жабдықтау объектілері (бұдан әрі – ҮЭО) - оларды ажыратып тастау адамдардың өліміне, тіршілікті қамтамасыз ету объектілері жұмысының бұзылуына, апаттық экологиялық, әлеуметтік немесе экономикалық зардаптарға апарып соғуы мүмкін, технологиялық себептеріне байланысты үздіксіз энергиямен жабдықтауды қажет ететін жеке және заңды жеке тұлғалардың шаруашылық инфрақұрылым объектілері болып табылатындығын хабарлайды.
Авариялық броны бар тұтынушыларды энергиямен жабдықтау қағидалары мен талаптарына сәйкес, Олар үшiн авариялық бронның шамасы белгiленетiн үздiксiз энергиямен жабдықтау объектiлерiнiң тiзбесiне мыналар кiреді:
1) мемлекеттің қауiпсiздігін қамтамасыз ететiн объектiлер;
2) теле-радиокоммуникациялар;
3) сумен жабдықтау, кәрiз және жылумен жабдықтау кәсiпорындары;
4) емдеу мекемелерi;
5) олардың ұсталуы бюджетте көзделген өртке қарсы қауiпсiздiктi қамтамасыз ететін объектілер;
6) титан және магний электролизі тәсілімен үздіксіз өндіретін металлургиялық кәсіпорындардың объектілері;
7) әуе қозғалысына қызмет көрсетудi қамтамасыз ететiн аэронавигациялық ұйым объектiлерi;
8) құс фабрикаларының объектілері.
Бұл ретте, YЭО тізбесіне қосу шарты объектінің сыртқы электрмен жабдықтау схемасы сенімділік дәрежесі бойынша электрмен жабдықтауы Электр қондырғыларын орнату қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келуі болып табылады.
YЭО объектiлерiнiң тiзбесiне енгізiлген әрбiр объекті үшiн энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия беруші ұйымдар YЭО өкiлімен бiрлесе отырып, электрмен жабдықтаудың авариялық және технологиялық броны актісін жасау жөніндегі нұсқаулықтарғы сәйкес авариялық бронның актiсiн жасайды.
Авариялық бронның актiсi электр энергетикасы саласында жетекші уәкілетті органға және жергiлiктi атқарушы органға жiберiледi. Авариялық бронның актісi энергиямен жабдықтау шартына және электр энергиясын беру шартына мiндетті қосымша болып табылады.
Жергiлiктi атқарушы орган авариялық бронь актiлерiн алған соң тиiсiнше әрбiр өңiр үшiн авариялық бронды жабуға арналған қажеттi жиынтық электр қуатын айқындайды.
Әрбiр YЭО қалыпты жұмыс iстеуi үшін қажеттi көлемдегi электр энергиясын жеткiзудi энергиямен жабдықтаушы және энергия берушi ұйыммен YЭО екiжақты шарттың негiзiнде жүзеге асырады.
Осыған байланысты, тиісті объектіге электр энергиясын шектеу өңірлерде адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіруге, тіршілікті қамтамасыз ету объектілері жұмысының бұзылуына, апаттық экологиялық, әлеуметтік немесе экономикалық зардаптарға апарып соғуына мүмкіндік бермеу мақсатында, сонымен қатар күзгі-қысқы кезеңде Департамент YЭО өкілдеріне авариялық бронның актiсi болуы бойынша Қағида талаптарын орындау қажеттілігі туралы хабарлайды.
Энергиямен жабдықтаушы және энергия берушi (энергия өндіруші) ұйымның іс-әрекетінде бұзушылық анықталған жағдайда, тұтынушылар мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау органына, Өскемен қаласы, Қ.Сатпаев даңғ. 64, 308 кеңсе мекен-жайы бойынша арыздануға құқылы. Азаматтарды қабылдау: апта сайын, әр сәрсенбі күні 15.00 сағаттан 17.00 сағатқа дейін.