Дәрігерлер - медбикелер, санитарлар, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметкерлері, зертханашылар мен басқалары – біздің заманымыздың даусыз батырлары болып табылытыны сөзсіз, олардың ауыр еңбегіне баға жетпес, олар коронавируспен алдыңғы қаратда күресуде. Алайда бүгінгі күні көпшілігі карантинге қарамастан өз орындарында қызмет атқарады. Өзін-өзі оқшаулауда қалған, пәтерлері мен үйлерінде жұмыс істейтін немесе қашықтықтан оқитын және қала мен ауыл тұрғындарына ешқандай қолайсыздықтар тудырмау өте маңызды. Өйткені, ұзақ уақыт үйден шықпау - бұл қиын сынақ. Осындай сәтте адамдардың психологиялық көңіл күйіне тұрмыстық жағдайы маңызды рөл атқарады.
Ауруханалардың және үздіксіз циклде жұмыс істейтін өндірістің маңыздылығы да кем емес. Өзін-өзі үйде оқшаулауға мәжбүр болған миллиондаған Қазақстандықтардың тұрмысы жайлы болуын қамтамасыз ететін көзге көрінбейтін батырлар бұл экономиканың негізгі базалық салаларының бірінде жұмыс атқаратын – энергетика саласының қызметкерлі. Тұрғын үй-коммуналдық щаруашылығының сенімді жұмыс істеуі және азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты саланың табысты жұмысына байланысты.
Олардың кәсіпқойлығы және өнеркәсіп ісіне жауапты қатынасының арқасында, халық қажетті көлемде электр және және жылу энергиясын алады. Барлық қиындақтарға және жалпы әлемдік пандемияның толқуына қарамастан, олар энергиямен тәулік бойы тұрақты және қауіпсіз қамтамсыз етеді. Әлемде қазіргі кезде дәрігерлерге күнделікті ерліктері үшін қол шапалақтау жақсы үрдіс алуда. Әрбір минут сайын қазандықтардың, басқару пульттері, турбинаның жанында тұрып жұмыстарын атқарып жүрген, желілерді аралап, апаттық жағдайларды жоятын, біздің тіршілігіміз үшін қажетті жарық, жылу мен сумен қамтамасыз ету үшін барлық мүмкіндіктерді жасайтын мамандарға алғыс айтып, қол шапалақтайық.
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ