Жарақаттанушылыққа жол жоқ!

Официально

Сіз жұмыс беруші немесе кәсіпорын қызметкері болып табыласыз ба? Ал сіз жұмыс орнында қауіпсіз еңбекті қамтамасыз ету бойынша қандай шаралар қолдану керектігін білесіз бе? Жыл сайын жүздеген адамдар қарапайым қауіпсіздік ережелерін білмегендіктен қаза болады. Бізге мәлім, әрбір жұмыс беруші қызметкерге еңбек қауіпсіздігі шараларын көздеп және оларды персоналға өкім, нұсқау және нұсқаулық түрінде жеткізуге міндетті. Ал, егер жұмыс электр қондырғыларымен байланысты болса, қандай еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қандай шаралар қабылдау қажет? Әрине, бірінші кезекте жабдықты техникалық жарамды күйде ұстау қажет.Сонымен қатар, электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларымен және тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларымен регламенттелетін қауіпсіздік талаптары бар (бұдан әрі-Қағида). Электр қондырғыларында жұмыс атқаратын қызметкерлерге жұмыстың сипатына сәйкес келетін кәсіби дайындық Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидаларына сәйкес жұзеге асырылады. Электр қондырғыларын пайдалану кезінде қауіпсіз жағдайларды және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету үшін аталған Қағидалардың талаптарын сақтау қажет. Жоғарыда көрсетілген Қағидалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы және қайта жаңартылатын электр станцияларының, электр және жылу желілерінің электр қондырғыларын пайдалануға, жөндеуге, монтаждауға, ретке келтіруге және сынауға байланысты персоналға қолданылады. Электр қондырғыларын пайдалану кезінде қауіпсіз жағдайларды және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер кәсіпорынның жұмыс берушісіне жүктеледі. Кәсіпорынның жұмыс берушісі қолданыстағы еңбек жағдайларына байланысты электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасының қосымша талаптарын қарастыруы мүмкін. Кәсіпорындарда қауіпсіздік техникасы бойынша талаптардың сақталуына және нұсқамалардың өткізілуіне тұрақты бақылау жүргізілуі тиіс.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті