Административная ответственность за незаконное подключение и использование электрической энергии

Официально

На территории Республики Казахстан порядок пользования электрической энергией энергопроизводящими, энергопередающими, энергоснабжающими организациями и потребителями определяются Правилами пользования электрической энергией, утвержденными Приказом Министра энергетики Республики Казахстан от 25 февраля 2015 года № 143 (далее – Правила).

Вместе с тем, в адрес Территориального департамента Комитета атомного и энергетического надзора и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан по Восточно-Казахстанской области (далее – Департамент) поступают материалы правоохранительных органов и обращения энергопередающих и энергоснабжающих организаций о незаконном подключении к электрической энергии потребителей. При этом, частыми нарушениями, которые допускаются потребителями, являются подключение приемников электроэнергии помимо прибора коммерческого учета электрической энергии (далее – ПКУ), самовольное подключение к сетям энергопередающей организации, отсутствие, нарушение, повреждение, несоответствие пломбы ПКУ, изменение схемы включения ПКУ, установка приспособлений, искажающих показания ПКУ и подключение без наличия договора электроснабжения.

Согласно Правил, при обнаружении самовольного подключения к электрическим сетям, энергопередающей или энергопроизводящей организаций составляется акт и производится перерасчет. Перерасчет производится по разрешенной мощности согласно техническим условиям, а при отсутствии технических условий по номинальному току вводного коммутационного аппарата с учетом часов использования 24 часа в сутки.

Потребитель подключается к электрической сети только после устранения нарушений в схеме и приборах учета электроэнергии, оплаты суммы перерасчета, заключения договора электроснабжения, а также оплаты суммы за подключения.

За незаконные подключение, использование электрической энергии предусмотрена административная ответственность по части 1 статьи 144 Кодекса Республики Казахстан «Об административных правонарушения». Размер административного штрафа на физических лиц составляет пятьдесят месячных расчетных показателей или 113 450 тенге.

В этой связи, Департамент рекомендует потребителям строго соблюдать требования вышеуказанных Правил, в целях недопущения фактов незаконного подключения и использования электрической энергии.



Электр энергиясын заңсыз қосу, пайдалану үшін әкімшілік жауапкершілік



Қазақстан Республикасының аумағында энергия өндіруші, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың, тұтынушылардың электр энергиясын қолдану тәртібі Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 бұйрығымен бекітілген Электр энергиясын пайдалану Қағидалары (бұдан әрі – Қағида) айқындайды.

Бұл ретте, Қазақстан Республикасы энергетика Министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау Комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті (бұдан әрі – Департамент) мекен-жайына тұтынушылардың электр энергиясына заңсыз қосылуы туралы құқық қорғау орнадарының материалдары мен энергия таратушы және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың арыздары келіп түседі. Тұтынушылармен жиі жасалынатын бұзушылықтар болып, электр энергиясын коммерциялық есепке алу құралынан (бұдан әрі – КЕҚ) басқа электр энергиясының қабылдағыштарын қосу, энергия беруші ұйымның желілеріне өздігінен қосылу, КЕҚ пломбасының болмауы, бұзылуы, зақымдалуы, сәйкес келмеуі, КЕҚ қосу схемасының өзгеруі, КЕҚ көрсеткішін бұрмалайтын құрылғыларды орнату және электрмен жабдықтау келісім-шартынсыз қосылуы табылады.

Қағидаларға сәйкес, энергия беруші және энергиямен өндіруші ұйымның электр желілеріне өздігінен қосылғаны анықталса, акт жасалып, қайта есептеу жүргізіледі. Қайта есептеу техникалық шарттарға сәйкес рұқсат етілген электр қуаты бойынша, ал техникалық шарттар болмаған жағдайда, тәулігіне 24 сағатты пайдалануды есепке алып, қосу коммутациялық аппаратының қуаты бойынша жүргізіледі.

Тұтынушы электр желісіне электр энергиясының схемасы мен есепке алу құралдарындағы бұзушылықтарын жойғаннан, қайта есептеу және электрмен жабдықтау шартын жасасу, сондай-ақ қосу сомасы өтелгеннен кейін қосылады.

Электр энергиясын заңсыз қосу, пайдалану үшін Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 144 бабының 1 тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Әкімшілік айыппұлдың көлемі жеке тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш немесе 113 450 теңге құрайды.

Осыған байланысты, электр энергиясын заңсыз қосу, пайдалану фактілерін болдырмау мақсатында, Департамент тұтынушыларға жоғарыда аталған Қағидалар талаптарын сақтауды ұсынады.