ЭЛЕКТРМЕН ҚАМТУ ЖҮЙЕСІНЕ ҚОСЫЛУ РӘСІМІ

Официально

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шығыс-Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті, құқықтүсіндіру жұмыстарын жүргізу шеңберінде, электрмен қамту жүйесіне қосылу тәртібін түсіндіреді: Қазақстан Республикасы энергетика Министрінің 2015 жылғы 25 ақпанындағы № 143, Электр энергисиясын пайдалану Қағидаларына сәйкес: Энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым тұтынушыдан өтінім алғаннан кейін төмендегі мерзімде жаңа енгізілген немесе жаңартылған электр қондырғыларын қосуға техникалық шарттар береді:

қуаты 200 килоВатт (бұдан әрі — кВт) дейінгі электр қондырғыларына — 5 жұмыс күнінің ішінде;

қуаты 200 кВт — 1000 кВт аралығындағы электр қондырғыларына — 10 жұмыс күнінің ішінде;

қуаты 1000 кВт жоғары электр қондырғыларына — 15 жұмыс күнінің ішінде.

Салынып жатқан объектілерді электрмен жабдықтау үшін тұтынушыға құрылыс кезінде уақытша техникалық шарттар беріледі.

Техникалық шарттар энергия беруші ұйымның электрлік желілеріне немесе энергия өндіруші ұйымның электр қондырғыларына қосылуға техникалық мүмкіндігі болған жағдайда беріледі.

Техникалық шарттарды беру және қайта ресімдеу үшін төлем алынбайды.

Тұтынушылардың электр қондырғыларының құрылысына, реконструкциясына немесе жаңғыртылуына арналған жобалау құжаттамасы құрылыс-монтаждау жұмыстары басталғанға дейін техникалық шарттарды берген энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйыммен келісіледі.

Электр қондырғыларының жобалық шешімдері берілген техникалық шарттарға сәйкестігі мәніне төмендегі мерзімде келісіледі:

қуаты 200 кВт дейінгі электр қондырғыларына — 3 жұмыс күнінің ішінде;

қуаты 200 кВт — 1000 кВт аралығындағы электр қондырғыларына — 7 жұмыс күнінің ішінде;

қуаты 1000 кВт жоғары электр қондырғыларына — 12 жұмыс күнінің ішінде.

Техникалық шарттардан ауытқу анықталған жағдайда, техникалық шарттарды берген ұйым жобалық құжаттаманы дәлелденген негіздемесін қоса тұтынушыға пысықтау үшін қайтарады.

Тұтынушы техникалық шарттарда көрсетілген талаптармен келіспеген жағдайда, энергетикалық сараптама жүргізу үшін сараптама ұйымына жүгінеді. Сараптама ұйымы тұтынушының өтініші бойынша энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға келген кезде, энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым аталмыш тұтынушыға қатысты мәселелер шегінде барлық сұратылған мәліметтерді ұсынады.

Тұтынушы анықталған кемшіліктерді жойғаннан кейін энергия беруші (электр өндіруші) ұйым электр қондырғыларын үнемі пайдалану үшін өзінің электр желілеріне қосады.

Энергия беруші ұйым тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалануға қосу барысында төмендегі мерзімде кернеу жібереді:

энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым сырттай қосылу және электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін пайдалануға беру туралы қорытындымен, тұтынушы электр қондырғыларын қосуға материалдар ұсынғаннан кейінгі 1 (бір) жұмыс күнінің ішінде тексеріп байқайды;

энергиямен жабдықтаушы ұйым энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымды электрмен жабдықтау шартын жасасу туралы 1 (бір) жұмыс күнінің ішінде хабарлайды.

Энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым электрмен жабдықтау шартына қол қойылған күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күнінің ішінде тұтынушының электр қондырғыларына кернеу жібереді.

Тұтынушыға электр энергиясын қосу және жіберу тек коммерциялық есепке алу жүйесі болған кезде ғана жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасында, электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу бойынша қазақстандық бизнестің жағдайын жақсартатын маңызды реформалар жүзеге асырылған. ҚР электр энергетика саласындағы заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы энергетика Министрінің 2015 жылғы 25 ақпанындағы № 143, Электр энергисиясын пайдалану Қағидаларына сәйкес, электрмен жабдықтау желілеріне қосылуға арналған техникалық шарттарды бері мерзімі қысқартылды. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат алу қажеттігі алынып тасталды. Енді жобалаушыға, Сәулет-құрылысын бақылау басқармасына жұмыстардың басталуы жөнінде электрондық нысанда хабарлама жіберуі жеткілікті. Сонымен қатар, электр желілеріне қосылуға энергетикалық қадағалау мен бақылау мемлекеттік органнан рұқсат алу қажеттігі алынып тасталды. Энергиямен жабдықтаушы ұйыммен электрмен жабдықтауға арналған апталық шарт жасасу мерзімі, үш күнге дейін қысқартылған.



«Қазақстан Республикасы

Энергетика министрлігінің

Атомдық және энергетикалық

қадағалау мен бақылау комитетінің

Шығыс-Қазақстан облысы бойынша

аумақтық департаменті» ММ

Басшысы Ә.Әкімжанов