ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВТЫҢ ШЫҒЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ ЖӘНЕ ОБЛЫС ӘКІМІН АСТАНАНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

Официально

Құрметті Даниал Кенжетайұлы!

Сізді және бүкіл Шығыс Қазақстан облысының жұртшылығын Астананың 20 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіз Қазақстанның символы саналатын бас қаламыздың айтулы мерейтойы – барша қазақстандықтарға ортақ қуаныш.

Сарыарқа төсіне қазығын қаққан еңселі елордамызды тұрғызуға бүкіл халқымыз жұмыла атсалысты.

«Өңірлердің Астанаға тартуы» жобасы аясында Шығыс Қазақстан облысы да елордаға ерекше сый жасады.

Заманауи технологияларды қолдана отырыпБотаникалық бақ аумағында салынған жарықты-музыкалы субұрқақ бақтың сәніне сән қосқан нысан болды.

Бұл жер елорда тұрғындары мен қонақтары серуендейтін сүйікті демалыс орнына айналатынына сенімдімін.

Астананы көркейтуге зор үлес қосқан Сізге және өңір тұрғындарына шынайы ризашылығымды білдіремін.

Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!